КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА АХУАЛ ҚАНДАЙ?

КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА АХУАЛ ҚАНДАЙ?

326 просмотров

КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА АХУАЛ ҚАНДАЙ?

«Коронавирус». Мемлекетімізде бұл індетпен ауыратын науқастар саны күн сайын артып келеді. Ел басына күн туған шақта ауадан ақша жасағысы келетіндер көбейіп, азық-түлік бағасы қымбаттап, дәріханаларда медициналық бетперденің жоқтығы халықты алаңдатып отырғаны жасырын емес. Бұл ретте «Тәжтажалға» қарсы Түркістанда қандай шаруалар атқарылып жатыр? Дүкендермен базарлардағы баға тұрақты ма? Осы сауалдар төңірегінде жауап іздеп көрдік.

КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА АХУАЛ ҚАНДАЙ?

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының әлемді дүрліктіріп отырған короновирусты пандемия деп жариялануына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, барлық қала, аудандарда шұғыл шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде. Жарлыққа сай рухани шаһарда тойханалармен ойын-сауық орталықтары өз жұмыстарын тоқтатты. Сондай-ақ, спорттық және бұқаралық, отбасылық, еске алу іс-шаралары кейінге қалдырылуда. Аурудың алдын-алу мақсатында жиындардың өткізілмеуі тұрақты бақылауға алынып, рейдтік шаралар жүргізіледі. Тәртіпке бағынбағандар заң шеңберінде қылмыстық жауапқа тартылады.

КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА АХУАЛ ҚАНДАЙ?

Сонымен қатар, қалаға аумағындағы кіріс және шығыс жолдардағы 7 орынға сигналды посттар орнатылып, қоғамдық көліктер екі жерде залалсыздандырылады. Тұрғындар үшін базар және азық-түлік сататын дүкендер таңғы сағат 10:00 мен кешкі 18:00 аралығында жұмыс жасайды. Бүгінде шаһар шеңберінде 14 қойма бар, қорда жеткілікті, алаңдауға негіз жоқ», — деді Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.

Баға тұрақтылығын бақылау мақсатында қаладағы «Береке» сауда орталығына бас сұқтық. Сөрелерге жайылған азық-түліктердің бағасын біліп, орталықтың иесі, кәсіпкер Біржан Дастановпен тілдестік. Оның айтуынша қазіргі таңда тауарлар бағасы тұрақты. Халық арасында «азық-түлік бағалары қымбаттап кетіпті» деген алып-қашпа әңгімелерге елді сенбеуге шақырды.

КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА АХУАЛ ҚАНДАЙ?

«Қазіргі таңда Түркістан қаласында 21 бағыт бойынша 270 көлік халыққа қызмет көрсетеді. Қалаішілік қоғамдық көліктерде әрбір айналым сайын соңғы аялдамада залалсыздандыру жұмыстары жүргізілсе, күніне бір рет кешкісін автопаркте күрделі дизенфекция жұмыстары атқарылады. Бұған тиісті сала мамандары жұмылдырылған. Халықтың денсаулығы  басты назарда», — дейді қала әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Байдулла Оразбеков.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс орталығында коронавируспен тіркелген азамат жоқ.

Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,

«Аймақ».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *