КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА ТӘРТІП КҮШЕЙЕ ТҮСПЕК

КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА ТӘРТІП КҮШЕЙЕ ТҮСПЕК

90 просмотров

КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА ТӘРТІП КҮШЕЙЕ ТҮСПЕК

Бүгін Түркістан қаласына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкіміне жəне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Қорғаныс істері департаментінің ұйытқы болуымен әскерилер кіргізілді.

Аталмыш əскери қызметшілер Шымкент горнизонының 35748 əскери бөліміне қарайды. Мұнда әскерилер мен қатар əскери техникаларда жұмылдырылып отыр. Басты мақсат – әлем халқына таралып жатқан коронавирус індетінің таралуының алдын алу. Қала аумағына орналасқан бес бақылау-өткізу бекеттерінде ауысым бойынша тәртіпті күшейту әрі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондай-ақ, әр күн сайын жүргізіп отыратын залалсыздандыру жұмысына жəрдем беретін болады.

Әскерилерді қалаға Шымкент бағытынан кіретін бақылау-өткізу бекетінен қарсы алуға қала әкімі Р. Аюпов, қалалық қорғаныс істер жөніндегі басқармасының бастығы Нығмет Ахметұлы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА ТӘРТІП КҮШЕЙЕ ТҮСПЕК

«Түркістан қаласы облыс орталығы болған соң көбірек көмек көрсетіліп жатыр. Ешқандай құрылыс тоқтамай жүргізіле беретін болады. Қазір коронавирустың алдын алу мақсатында үлкен жұмыстар атқарылып отыр. Екі жүзге жуық өз азаматтарымыз дезинфекциямен айналысып жатыр. Індетті жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты қосымша көмек сұраған болатынбыз. Көріп отырғандарыңыздай әскерилер мен техникалар келді. Бұның барлығы үлкен көмек болады деп білемін. Аты жаман дерттің беті қайтқанша қаламызда болады. Әскери қызметкерлердің жартысынан көбі залалсыздандырудың қыр-сырын білетін мамандар, қалғаны бақылау-өткізу бекеттеріндегі тәртіпке қарайды», – деген Рашид Абатұлы, қала тұрғындарының жауапкершілікті әлі де сезіне алмай жүргенін, енді осыған байланысты қатаң шаралар қолданылатынын айтып өтті. Барша тұрғын өзіне жауапты болып үйінде отырса екен деген өтінішін де жеткізді.

КОРОНАВИРУС: ТҮРКІСТАНДА ТӘРТІП КҮШЕЙЕ ТҮСПЕК

Аталған әскерилер COVID-19 дертімен күрес тоқтағанша қала халқы үшін қызмет ететін болады. Ел қауіпсіздігі бәрімізге ортақ.

Үмітбек БАҒДАТ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *