МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДА ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

86 просмотров

«AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалының қолдауымен, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат сайысы өтті. Жарысқа түрлі жастағы 20-дан астам азамат қатысты. Қатысушылардың арасында облыстық арнаулы кәсіптік колледждің студенттері белсенділік танытты.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы А.Басаров жарыстың мақсаты дене шынықтыру мен спортты оңалту құралы ретінде насихаттау және мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға табысты интеграциялау, сондай-ақ шахматты мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді спорт түрі ретінде танымал ету болып табылатынын атап өтті.
Тартысқа толы өткен турнирдің қорытындысы бойынша арнаулы кәсіптік колледж студенті М.Буланов «Үздік жас ойыншы» номинациясымен марапатталды. Сайыстың 3-орыны С.Абулхаиров бұйырса, 2-орынды Н.Батырханов иеленді. Турнир барысында барлық қарсыластарын оқ бойы озық шыққан Қ.Кадеков сайыс жеңімпазы атанды. Жүлдегерлер мен жеңімпазға дипломдар және арнайы сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.