МҰРАЖАЙ - ТАРИХ АЙНАСЫ

МҰРАЖАЙ — ТАРИХ АЙНАСЫ

32 просмотров

МҰРАЖАЙ - ТАРИХ АЙНАСЫ

Отырар ауданы А.Дәрібаев атындағы орта мектебінде Отырар ауданындағы мектептерінің мұғалімдері, мұражай жетекшілері мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлерінің қатысуымен «МҰРАЖАЙ –ТАРИХ АЙНАСЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шарада Отырар қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Гүлнәз Ысқақ «Музей материалдарының бала тәрбиелеудегі орны» тақырыбындағы баяндамасын оқып, мұғалім бала санасына сіңіргісі келген білімін музей педагогикасына сүйене отырып беруі – музей және білім ошағы үшін де үлкен жетістік екендігін, музей педагогикасының негізгі мақсаты – жас ұрпақты музейге тарту, тұлғаның шығармашылық дамуын жүзеге асыру болып табылатындығын айтып өтсе, ғылыми қызметкер Мақсат Байтас «Музей қоры – халық қазынасы» тақырыбындағы баяндамасында музей қорындағы заттардың сақталуы мен музей қорының толықтырылуы туралы тоқталып өтті.
Ескерткіштерді қорғау бөлімінің ғылыми қызметкері Олжас Құлымбетов Отырар алқабындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы баяндап, олардың сақталуы мен қорғалуы бойынша слайд көрсету арқылы тың мағлұматтар берді.

Музей қызметкері Нұрсұлтан Бекешов қазіргі таңда аудандық білім бөлімімен тарихи құндылықтарымызды сақтауға, насихаттауға, музей педагогикасы оқу орындардың үздіксіз білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында меморандумға отырғандығын сөзге тиек етіп, алдағы уақытта мұражай жетекшілерімен бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Жақсыбаева Манат аталған меморандумды мұражай жетекшілеріне таныстырып, музей мен білім саласы арасында тығыз байланыс орнайтындығын айтып өтті.
Жиында мұражай жетекшілері музей қызметкерлеріне бірнеше сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныс, пікірлері айтылды. Шараны А.Дәрібаев атындағы орта мектебінің директоры Үсеева Шолпан қорытындылап, музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *