Мәдениет саласының майталмандары Абай әндерін шырқады

Мәдениет саласының майталмандары Абай әндерін шырқады

4 просмотров

Мәдениет саласының майталмандары Абай әндерін шырқады

Түркістан қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері мереке қарсаңында ақынның әндерін шырқап, рухани шаһардың тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады.

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Осы орайда жуырда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланған болатын. Бүгін міне аталмыш мереке қарсаңында ұлы ақынды ұлықтау барысында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Елдегі карантиндік шектеуге байланысты барлығы да онлайн жүзеге асуда.

«Абайдың ұстанымы — адамзат ойы мен мұратын қамтамасыз етер мәңгіліктің ұстанымы. Ұлы ғұламаны насихаттауға арналған шаралар карантин жағдайына байланысты онлайн форматында өткізіліп келеді.

Бірлік болса, ел бар. Ел болса, ұрпақ, ұлт бар. Құндылықтың үлкені — осы. Елдің амандығы мен жердің бүтіндігінен киелі, қасиетті нәрсе жоқ. Иә…індет ел-елді жер-жерді кезіп жүр… Тажалмен тайталас жүріп жатыр. Зор денсаулық болсын, індет жойылсын. Уақыт алдындағы жауапкершілікті бөлісіп көтеруге, бірлікке шақыруға міндеттіміз! «Ғылым — Алланың бір сипаты. Ол — хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық — дүр…» дейді екі дүние арасын ойымен шарлап, сөзімен жалғаған ұлы кемеңгер.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы құтты болсын! Абай күні мереке болып, тірлігімізге береке берсін!» — деген Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры Лиза Шәмет түркістандықтарға өз құттықтауын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *