Мәселелерге мән берілді

Мәселелерге мән берілді

16 просмотров

Мәселелерге мән берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауда Қоғамдағы сан-сала қамтылған. Онда ауылшаруашылығына қатысты үлкен мәселеге баса назар аударылды. Ел Президенті «Келесі жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы Жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексіне қатысты енгізілген мораторий күшін жоятынын айтты. Бұл жер иелерінің игерілмей жатқан жерлерінің айналымға қайта қосылуына әкеледі деп есептеймін. Ал ол өз кезегінде қосымша жұмыс орындарының артып, сонымен қатар ауылшаруашылығының ілгері қадам жасауына ықпал етпек. Сондай-ақ, Үкіметке ауылшаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге де әдіс-тәсілдерін дайындауды тапсырды.

Мемлекет басшысы Жолдауында Жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын тағы бір мәрте қадам айтты.Бұл геосаяси тұрғыда Қазақстан азаматтарына үлкен сенім берсе, екінші жағынан шаруаларымызға да кәсібін одан әрі дамытуға әсерін тигізуі тиіс деп есептеймін.

Сонымен бірге, Жолдауда ауылдарға қатысты тағы бір тиімді бастама көтерілді. Ол ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы. Жолдауда айтылғандай, келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталмақ. Осы ретте, жергілікті елді мекен тұрғындарының ауыл әкімін өздері дауыс беріп сайлауы ел ішіндегі мәселелердің жедел реттелуіне ықпал етеді деп ойлаймын.

Райымжан Әлібаев,

«Түркістан» қалалық газетінің бөлім басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *