Мәслихат депутаты қала тұрғындарына көмек қолын созды

Мәслихат депутаты қала тұрғындарына көмек қолын созды

0 просмотров

Мәслихат депутаты қала тұрғындарына көмек қолын созды

Қалалық мәслихат депутаттары қала халқымен кездесулер өткізіп, олардың өтініштерін тыңдап, көмек қолын созуын жалғастыруда. Қалалық «Nur Otan» партиясының ғимаратында қабылдау өткізген Таштеев Сұлтанхан Батырханұлы да бірнеше адамға жәрдемдесіп, мәселесінің шешілуіне себепші болды.

Қабылдауға келген көпбалалы ана өз баспанасы жоқтығына байланысты жалдамалы пәтерлерді пана тұтып жүргенін айтты. Азаматша соңғы уақыттарда үйлердің құны күрт жоғарылап кетуінің кесірінен алдағы жылу маусымына дайындықтарының мүлде жоқ екенін айтқан болатын. Сұлтанхан Батырханұлы өтінішпен келген қала тұрғынына өз қаржысына көмір алып беретінін айтып, қуанышқа кенелтті.

Бірнеше шешілмеген шаруасымен келген жалғызбасты ана да сауалдарына жауап ала алды. Жарымен ажырасқан тұрғын бұрынғы жұбайынан алимент ала алмай отырғанын айтып шағымданған. Халық қалаулысы бұл мәселесі бойынша заңгерге хабарласып, анық-қанығын анықтап, түйіннің шешілуіне барын салатынын айтты. Азаматшаның келесі мәселесі өзі оқыған есепші мамандығы бойынша жұмысқа орналасу болды. Бұл өтініш бойынша да Таштеев Сұлтанхан мырза «Халықты жұмыспен қамту орталығына» қоңырау шалып, ыңғайлы жұмысқа орналастыру жөнінде сөйлесетінін мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *