Мәселелердің түйіні тарқатылды

Мәселелердің түйіні тарқатылды

29 просмотров

Мәселелердің түйіні тарқатылды

Бұл өте маңызды Жолдау болды. Дағдарысқа қарсы тек бағдарлама ғана емес, сонымен қатар, бүгінгі дағдарыс кезеңіндегі қаржы мен білімге, денсаулық сақтауға деген көзқарас мүлдем басқаша болуы керек екені айтылды.

Осылайша дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. Ең маңыздысы, адами кадрлық ресурстарға көңіл бөлді. Лайықты білім беру қажеттілігі туралы адами ресурстардың жетіспеушілігі тереңінен түсіндірілді. Жолдауда одан да басқа көп нәрселер айтылды. Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдіре отырып, ондағы кадр жетіспеушілігі мен қажетті мәселелерге арнайы тоқталып өтті.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнес саласы қиын кезеңдерді бастан кешіп отырғаны белгілі. Іс жүзінде пандемияның ауыртпалығы барша халықтың мойнына түскені шындық. Теріс экономикалық салдарларды жою үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер берілуде. Жеңілдікті шарттармен несиелерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілген, кейінге қалдырылған төлемдердің бәрі осы дағдарыстың салдарынан болып отыр. Алайда, жағдай әлі қиын екенін, шешімін табатын нәрселер бар екенін ашық айтты Мемлекет басшысы. Нәтижесінде шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен секторларындағы беріліп отырған барлық несиелер бойынша жылдық 6 пайызға дейінгі мөлшерлемеге мемлекеттік субсидиялар ұсынуды, яғни, келесі жылы ШОБ қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруді тапсырды. Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез-келген заңсыз араласуы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы аса ауыр қылмыс деп қабылдануы тиіс екенін де айтты.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленетіні белгілі болды. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде.

Ақберен Амангелді,

«Түркістан» қалалық газетінің тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *