МАМАН СҰЛТАН БАРАҚ ХАН ҰЛЫ

МАМАН СҰЛТАН БАРАҚ ХАН ҰЛЫ

3 просмотров

МАМАН СҰЛТАН БАРАҚ ХАН ҰЛЫ

Оңтүстік Қазақстан мен Сыр өңіріндегі Иқан, Сауран, Отырар, Түркістан, Өгізтау, Созақ қалаларына билік жүргізген Тұрсын ханның баласы Барақ ханның ұлы. Ғалым И. Ерофееваның «Казахские ханы и ханские династии в XVIII – середине XIX вв.», «Символы Казахской государственности», А., 2001 ж. кітабында Барақ ханның ұлы екені айтылады. М. Қожа, Х. Тұрсұнның жауапты редакторлығымен шыққан Қазақ хандары. Энциклопедиялық анықтамалық жинақта «Барақ хан мен ұлдарының уланып қаза табуының тағы бір жорамалы ол Әбілқайырдың балаларының қатысуымен болған деседі» деген дерек келтіріледі. (Қазақ хандары, 2015: 84–85). Бұл оқиға 1750 жылы болғаны және Маман сұлтанның да осы әкесімен бірге қаза тапқаны және әкесінің жанына жерленген болуы мүмкін.

Айта кетсек, Халықаралық дəрежедегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ортағасырлық теңдессіз сəулет туындысы ретінде 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік мұралар тізіміне алынған. Əлемдік маңызға ие болған ескерткіштің ұлттық пантеон ретіндегі алар орыны да айрықша. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 300-ден аса тарихи тұлғалар жерленген болса, қорық-мұражай мамандарының зерттеулері нəтижесінде сол тұлғалардың бүгінгі таңға 214-і анықталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *