Мас күйде көлік басқарған нәзік жанды 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Мас күйде көлік басқарған нәзік жанды 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

29 просмотров

Мас күйде көлік басқарған нәзік жанды 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Төлеби АПБ ЖПҚ-нің патрульдік полиция инспекторлары облысымызға енгізілген карантинге байланысты Леңгір қаласында орналасқан блок-бекетке «БМВ» автокөлігі келіп тоқтайды. Жүргізуші қыз, полиция қызметкерлерінен жолдың қоршауын алып тастауды талап етеді.Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізуші, Леңгір қаласының тұрғыны мас халде болуы мүмкін деп күдіктенеді. Тәртіп сақшылары жүргізуші әйелден көліктен шығуын сұрайды, алайда ол заңды талаптарға бағынбай, өзінің дөрекі мінезін көрсете бастайды. Полицейлер жүргізушіні ұстады және облыстық наркологиялық диспансерге медициналық куәландыру үшін жеткізді. Қорытындыға сәйкес әйелдің «орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде» болғаны анықталды. Ал автокөлікті полицейлер айыптұрағына қойды.Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, олар: «Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» және 608 «Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру».Нәтижесінде, 28.04.2020 ж. Төлеби аудандық сотының шешімімен Леңгір қаласының тұрғыны 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, оған 111 120 теңге көлемінде айыппұл салынды.Түркістан облысы полицейлері өз кезегінде автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ карантин режиміндегі шектеулерді бұзбауға кеңес береді. Жылдамдықты арттыруға, маневр жасау ережелерін бұзуға, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығуға болмайды, себебі бұның соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғуы және сіздің өміріңіз бен жолаушылардың өміріне қауіпті болуы мүмкін.ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *