Медициналық бетпердені үйде қалай жасауға болады?

Медициналық бетпердені үйде қалай жасауға болады?

123 просмотров

Медициналық бетпердені үйде қалай жасауға болады?
Көрнекі сурет. Қолдан бетперде тігу. Фото: ашық дереккөз

Әлем жұртын дүрліктірген коронавирус дерті пандемияға айналғалы көпшіліктен маза қашты. Дәріханаларда медициналық бетперде табу қиындай түсті. Арагідік табыла қойса табыс көзіне айналдырғандар бағасын шарықтатып жіберген. Әдетте 15-30 теңге аралығында тұратын бірреттік бетперденің өзі онлайн дүкендерде 120-140 теңге көлемінде сатылып жатыр. Десек те аурудан түгел қорғамаса да, вирусты сүзіп, әртүрлі инфекциядан минималды деңгейде қалқан болатын бетпердені мамандар үй жағдайында да дайындауға болатынын айтады. Медициналық бетперденің тапшылығы туған шақта әртүрлі баламалы амалдар қолданылатыны белгілі. Интернет сайттары мен YouTube видеохостингінде үйде бетперде жасаудың сан алуан әдісін табуға болады. Отандық мамандардың бірі медициналық-биотехнологиялық аппараттар және жүйелер бөлімінің инженері Серік Мұратхан үй жағдайында материалы мақтадан жасалған мата арқылы бірнеше мәрте қолдануға жарайтын бетперде жасаудың «рецептісімен» бөлісті.

Медициналық бетпердені үйде қалай жасауға болады?
  • Дүкеннен жұмсақ, мақтадан жасалған мата сатып аламыз. Мата бояуы шықпайтын табиғи (натурал) болуы керек;
  • Үйге әкеліп төмендегі масканың үлгісі негізінде пішеміз;
  • Пішілген материалды үш қабат етіп тігеміз. Бау тағамыз;
  • Әр адамға жұмыс уақытына жететіндей есептейміз. (8 сағат + 2 сағат / жолға кететін уақыт) Екі сағат сайын ауыстыру үшін бір адамға күніне бес бетперде қажет болады;
  • Тігілген бес бетпердені сөмкеге салып аламыз;
  • Әр екі сағатта ауыстырып,қолданылған бетпердені бөлек пакетке салып отырамыз. Бетпердені ауыстырған соң қолды дизенфекциялау шарт;
  • Үйге келгеннен кейін бетпердені кіржуғыш машинада немесе қолмен жуып, кептіріп, қайтадан 2-3 минут екі жағынан үтіктеп таза қалпында қолданамыз.

Маманның сөзінше, қолдан жасалған бетперде кәсіпкерлер үнемдеп жасаған бірреттік бетпердесінен әлдеқайда сапалы болады.

qazaqtimes.com

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *