Мектеп оқушыларына онлайн оқуға жағдай жасалуда

Мектеп оқушыларына онлайн оқуға жағдай жасалуда

1 просмотров

Мектеп оқушыларына онлайн оқуға жағдай жасалуда

Әлемдегі вирус кесірі білім саласын да айналып өткен жоқ. Мектептер мен жоғарғы білім алу орындары өз жұмыстарын онлайн режиміне көшіріп, білім алушылар сабағын үй жағдайында оқуға мәжбүр болды. Өткен оқу жылының аяғын солай тәмәмдаған Түркістан қаласының мектептері биылғы оқу маусымын да солай бастады. Соған орай, мектеп басшылығы арнайы аймақ әкімшілігі тапсырмасымен жағдайы көтермейтін отбасы балаларының онлайн білім алуларына мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта 1400 дана компьютер мен ноутбук мектептер атынан, 1113 планшет 4 айлық тегін интернет тарифімен жергілікті бюджеттен алынып, оқушыларға таратылды.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 1562 планшет 4 айлық тегін интернетімен мектептерге жеткізіліп, алдағы уақытта кезекте тұрған балалар игілігіне ұсынылмақ. Адами әлеуетті дамыту бастқармасы есебінен 4851 дана компьютер және ноутбуктар да оқушылардың сапалы білімдері үшін таратылаыд деп күтілуде. Біріккен жұмыс арқасында 8926 бала еркін онлайн білім алуға мүмкіндік алып, қуанышқа кенелді.

Сонымен қатар, түркістандық мектептер online.mektep.org платформасымен келісімшартқа қол қойып, онлайн білім алуға мүмкіндігі келмейтін оқушылардың кешкі уақытта, ата-аналары үйде кездерінде сабақ оқуларына болатынын айта кетуіміз қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *