САЙРАМ: МЕМЛЕКЕТ ҚАРМАҚ БЕРГЕН АУЫЛДЫҚТАР ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА КІРІСТІ

САЙРАМ: МЕМЛЕКЕТ ҚАРМАҚ БЕРГЕН АУЫЛДЫҚТАР ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА КІРІСТІ

11 просмотров

САЙРАМ: МЕМЛЕКЕТ ҚАРМАҚ БЕРГЕН АУЫЛДЫҚТАР ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА КІРІСТІ

Бүгін аудан әкімі Уласбек Сәдібекұлы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қайтарымсыз грант алып лимон өсіруді қолға алған Нұрлан Бердібекұлының жылыжайында болды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушы азамат грант қаржысына 4,5 соттық жерге жылыжай орнатқан. Оған 56 түп лимон ағаштарын отырғызып, жылына 1 тонна өнім алуды жоспарлаған.

Ал Қарасу ауылының тұрғыны Нуржан Муратбеков мемлекеттен алған грант қаржысымен «лазермен ағаш ою» кәсібін бастаған. Қаржыны мақсатты пайдаланған ол отбасын асырауда.

Биылғы жылы 450 азаматқа 262 млн 530 мың теңге көлемінде грант бөлініп, жаңа бизнес идеяларын қолдауға мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінде тамшылатып суару әдісімен көкөніс өсіруге ниетті 108 азаматқа, мал шаруашылығын дамытамын деген 318 азаматқа, құс шаруашылығымен айналысатын 15 азаматқа, қолөнер кәсібін дөңгелетуге 6 азаматқа және жылыжай дамытуға 3 азаматқа грант берілді. Сөйтіп, жоспар 100 пайызға орындалды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *