Мемлекет мүлкіне ұқыпты қарауға шақырды

Мемлекет мүлкіне ұқыпты қарауға шақырды

2 просмотров

Мемлекет мүлкіне ұқыпты қарауға шақырды

Түркістандық оқушылар биылғы жаңа оқу жылындағы негізгі басымдық білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Бұл үшін жаз айларында оқушылардың техникалық байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі жайлы деректер жиналып, соның нәтижесінде әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды компьютер, ноутбук, планшеттермен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілді.

Осы тұрғыда туындап жатқан тағы бір түсініспеушілік, құрылғылардың мектепке қайтарылуы болып отыр. Бұлардың барлығы мемлекет мүлкі болып табылатындықтан қашықтықтан оқыту аяқталып, дәстүрлі режимге көшкен жағдайда оқушылардан қайта алынатынын да айта кеткен жөн. Сондықтан ата-аналарға мемлекет мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі түсіндірілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *