«МЕН КӘСІПКЕР БОЛАМЫН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 100 ЖОБАҒА НЕСИЕ БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

«МЕН КӘСІПКЕР БОЛАМЫН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 100 ЖОБАҒА НЕСИЕ БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

20 просмотров

«МЕН КӘСІПКЕР БОЛАМЫН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 100 ЖОБАҒА НЕСИЕ БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкентте 2025 жылға дейін «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шымкент қаласында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасы бойынша шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалуда. 2021-2025 жылдары кәсіпкерлерді жүйелі қолдау шаралары жүзеге аспақ.

2025 жылға дейін «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда. 2021 жылы 21 жобаға несие берілді. «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Биыл 180 жоба қаралуда.
Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында 300 шағын бизнеске қолдау көрсетіледі. Биыл 58 жобаға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, қалада алдағы бес жылда 2,5 трлн теңгеге 211 инвестициялық жоба (14 мың жұмыс орны) іске асырылады. Атап айтқанда, өнеркәсіп бағытында 98, сауда 15, ауыл шаруашылығы 98, білім 20, тұрғын үй 31 және денсаулық сақтау саласында 9 жоба қолға алынбақ.
Айта кетсек биыл 157 млрд теңгеге 47 жобаны іске асыру жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *