МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АРНАЙЫ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АРНАЙЫ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

74 просмотров

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АРНАЙЫ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ


8-наурыз мерекесіне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков қызметте кәсібилігімен танылған нәзік жанды полиция қызметкерлерін марапаттады.
Қызмет бабында «үздік» деп танылған алты ару ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен арнайы төсбелгіге, Құрмет грамотасына және алғыс хаттарға ие болды. Сондай-ақ, полиция департаменті бастығының бұйрығымен 70-тен астам полиция қызметкері грамоталармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жауынгерлік тапаншадан ату бойынша өткізілген жарыс жеңімпаздарына да арнайы сыйлықтар тапсырылды. Аталған жарыста бірінші орынды полиция капитаны Ләззат Шолабайқызы жеңіп алды.
Жиын соңында полицей арулар қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қызметін абыроймен атқара беретіндерін жеткізді.

One thought on “МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АРНАЙЫ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

  1. Алған марапаттарыңыз құтты болсын.Жарайсыздар!!! Ерлермен бірдей қауіпті қызметте еңбек етіп,онымен қатар отбасыларыңызға да көңіл бөліп, үйде үй шаруасындағы әйел секілді істерді атқарып, жұбайларыңыздың алдында сый құрметке бөленіп жүрсіздер.Әйелдің қырық жаны бар деген мақалды дәлелдеп келе жатқан сіздер секілдісіздер. МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ШЕН ТАҚҚАН АРУЛАР😘

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *