Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

10 просмотров

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына олардың жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері және табыстарынан тәуелсіз түрде медициналық және дәрілік көмекке бірдей қолжетімділікті кепілдік етеді.

МӘМС жүйесінде медициналық көмекті мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі қағидаты негізінде Қордың ұсынған талаптарына сәйкес болған жағдайда, жеке меншік нысанынан тәуелсіз түрде Қормен шартқа отырған медициналық ұйымдар көрсететін болады.

 МӘМС бізге негізгі созылмалы инфекциялық емес аурулардан халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігінің көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік береді.

МӘМС енгізу ТМККК және МӘМС мәселелеріндегі өз құқықтары мен міндеттері туралы азаматтардың хабардар болуына әсер етеді.

Денсаулық сақтаудың барлық жүйесі аурулардың алдын алуға және оларды ерте кезеңде анықтауға бағытталатын болады. Ол үшін пакеттер тізбелерінде жарты жылда немесе жылына бір рет өтетін скринингтер мен мамандандырылған медициналық тексерулер қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны арттыру және медициналық сақтандыру қорының медициналық қызметтерді бірыңғай сатып алуы — бұл жеке инвесторларды мемлекеттік — жеке әріптестікке қатысуға ынталандыратын факторлардың бірі.

 МӘМС жүйесіне жеке сектордың қатысуы ММС Қорының жеткізуші ұйымдары, оның ішінде мемлекеттік ұйымдар арасында бәсекелестікті тудырады. Ал бәсекелестік — бұл сапа кепілі.

МӘМС ПАКЕТІНІҢ ТІЗІМІНЕ КІРЕДІ:

ТМККК шеңберінде ауруларды емдеуді қоспағанда ұсынылады:

Консультациялық-диагностикалық көмек (КДП))

Амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

 Стационарды алмастыратын көмек

Жоспарлы стационарлық көмек

Оңалту және қалпына келтіру емі

 КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

 Денсаулық сақтауды қаржыландыру 1,5 есеге артады

«Қалта» шығыстарының үлесі 2025 жылға қарай 42%-дан 30%-ға дейін төмендейді 

 Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсетуге арналған шығыстар 40-тан 50%-ға дейін өседі. Халық қажетті тегін медициналық көмектің базалық көлемімен қамтамасыз етілетін болады.Дені сау ересектер үшін профилактикалық тексерулер енгізілетін және басқару бағдарламалары шеңберінде аурулар тізімі кеңейтілетін болады (АББ)Барынша үнемді және аз шығынды стационарды алмастыратын көмектің қолжетімділігі артады.Стационарға жатқызу тек шұғыл жағдайларда немесе жоспарлы түрде, бірақ әлеуметтік маңызы бар, созылмалы немесе қоғам үшін қауіпті аурулар болған кезде ғана жүргізіледі.Медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай артады

Ж.Нишанов,

Түркістан облысы ЖИТС орталығының зетхана меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *