МИНИСТР ЖЕТІСАЙДА КӨШЕТ ЕКТІ

МИНИСТР ЖЕТІСАЙДА КӨШЕТ ЕКТІ

6 просмотров

МИНИСТР ЖЕТІСАЙДА КӨШЕТ ЕКТІ

Күн жылынып, көктемнің шуағы жер бетіне тараған сәттен бастап аймақты көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі мықтап қолға алынатыны жасырын емес. Көпке үлгі боларлық шара Жетісай қаласы мен Қазыбек би ауылдық округін байланыстыратын үлкен жолдың бойында өтті.
Мұнда аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, ауданның ерікті азаматтары, қаладағы жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының еріктілері мыңға жуық түрлі ағаштардың көшеттерін отырғызды. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының экологоия, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев пен «NurOtan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев қатысты.
Министр бастаған облыс басшылары жетісайлықтармен кездесу барысында елдегі экологиялық жағдайды жақсарту мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында атқарылып жатқан ілкімді істердің барысымен таныстырып, Жетісай топырағына көшет отырғызды.
Белсенді азаматтардың демеушілігімен отырғызылған көшеттердің ішінде түрлі декоративті ағаштармен қатар шырша, қара ағаш, соболь, арша бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *