
Бүгінде еліміздегі қауіпті індет әсерінен қалыптасқан жағдайда бірқатар дәріханаларда дәрі-дәрмек бағаларын өсіру фактілері кездесті. Сонымен қатар бірнеше дәрінің тапшылығы байқалған. Осыған байланысты аудан аумағындағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын қадағалау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтар мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар барысында қазіргі таңда көп сұраныстағы дәрі-дәрмектер тізімі әзірленді. Дәрі-дәрмек тапшылығының алдын-алу үшін қоймалармен жұмыс жасалатын болады. Айта кетері, баға тұрақтылығын сақтау мақсатында дәріханалар мен әкімдік арасында және көтерме бағада дәрі-дәрмек беретін жермен үш жақты келісім-шарт жасалады. Осыған сәйкес дәріханаларда дәрі-дәрмек атауы, оның бар-жоқтығы және бағасы көрсетілген парақшалар дәріхана алдына ілініп, белгіленген бағада сатылатын болады. Егер дәрі-дәрмек белгіленген бағадан қымбат сатылатын болса, дәріхана иесіне тиісті шаралар қолданылады