Мобильді топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Мобильді топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізді

1 просмотров

Мобильді топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Пандемия кесірінен орын алған елдегі және әлемдегі жағдайлар көп салаларды қайта қарап, тиісті жұмыстардың жасалуына себеп болды. Қаламызда да қайнаған тіршілік бір сәтке тоқтап, тұрғындарымыздың жан-жағына қарап, өзгерістерге өзгеше көзқараспен қарауына мүмкіндік табылды. Ал, мемлекеттік қызметкерлер үшін нағыз жұмыстың қызған шағы осы кез болды. Халыққа түсіндірме жұмыстары, рейдтер белгілі мекеме қызметкерлерінің еселеп еңбек етуіне алып келді.

Солардың бірі, Түркістан қаласы әкімдігі ұйымдастыруымен құрылған мобильді топ. Олар сауда орындарында, базарларда рейд жүргізіп, сақтық шараларының маңызын түсіндірген. Сондай-ақ, аралау барысында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылы №43 қаулысына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жаңа талаптармен таныстырып, қызметтерін жаңа шарттарға сәйкес қайта бастаулары керектігін жеткізген.

Мобильді топ құрамында ішкі саясат бөлімі, ішкі істер басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімі, таурлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау басқармасы мен бұқаралық ақпарат құралдары және тиісті мамандар бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *