МОБИЛЬДІК ТОП ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

МОБИЛЬДІК ТОП ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

2 просмотров

МОБИЛЬДІК ТОП ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған мобильді топ мүшелері елімізде орын алған індетке байланысты базар аумағындағы сауда орындарына рейдтік шараларын жүргізді. Жұмысшы топ құрамында қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімі, ішкі саясат бөлімі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, ішкі істер басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және тиісті сала мамандары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Рейд барысында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылы №43 қаулысына сәйкес барлық жеке және заңды тұлғаларға жаңа санитарлық талаптарымен таныстырып, қызметін жаңа талаптарға сәйкестендіріп қайта бастауы тиіс екендігі ескертілді. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер негізінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 425 бабына сәйкес карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін қызметінің тиісті түріне лицензияларды тоқтата тұруға не қайтарып алуға дейін бизнес субьектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.
Жеке кәсіпкер infokazakstan.kz сайтына өз еркімен тіркеле алмаған жағдайда С.Қожанов көшесінде орналасқан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түркістан қаласындағы филиалы және «Бизнеске арналған үкімет» орталығының қызметкерлеріне көмекке жүгіне алады. Ол үшін жеке куәлігі мен ЭЦП (электронды қолтаңба) кілті болуы қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *