НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

42 просмотров

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін 6 шілде еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан күні. Осы атаулы күнге орай құттықтаулар легі артуда. Иә, шынында да ел жүрегі бас қаланың мерейлі күні әрбір қазақстандық азаматпын деген жандар үшін көңіл толқытарлық мереке. Нұр-Сұлтан түр түрлі арман мұраттарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Сондықтан ел ордасы Нұр-Сұлтан күніне орай Түркістан қаласы тұрғындарының жүрекжарды лебіздерін рет ретімен назарларыңызға ұсынбақпыз.

Баршаңызды 6 шілде еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда елдің төрі – Нұр-Сұлтан бүкіл ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Елдің мақтанышы саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда.
Қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!


Б.Букебаев
Түркістан қаласы әкімдігі «Ішкі саясат» бөлімінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *