«НҰРОТАНДЫҚТАР» МАҚТААРАЛДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

«НҰРОТАНДЫҚТАР» МАҚТААРАЛДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

14 просмотров

«НҰРОТАНДЫҚТАР» МАҚТААРАЛДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен елді мекендердің бірі – Жаңатұрмыс. Бүгінде бұл елді мекендерінің тұрғындары Т.Әубәкіров атындағы мектепке уақытша орналастырылған. Айт мерекесіне орай, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен оған қарасты аудан, қалалық филиалдар аталған эвакуациялық орталықта қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

«НҰРОТАНДЫҚТАР» МАҚТААРАЛДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ


Алдымен Жаңатұрмыс елді мекенінің тұрғындарына арналып түскі ас берілді. Ұйымдастырушылар жұртшылықты Айт мерекесімен құттықтап, ел бұл қиындықты да сабырмен және бірлікпен жеңіп шығатынына сенім білдірді. Мемлекет, тұтас қоғам тарапынан көмек беріліп жатқанын, әрбір тұрғынның көмекке ие болатынын атап өтті. Бұл жиынға «Nur Otan» партиясының аудандық және қалалық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары барлығы дерлік қатысып, мақтааралдықтармен бірге екендіктерін жеткізді.
Қайырымдылық іс-шарасында «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен тұрғындарға жалпы құны 1 млн. теңгенің аяқ киімдері тапсырылды. Бұл сыйлықты «Изуми» сауда үйінің басшысы Өмірәлі Ералиев жолдап отыр. Сонымен бірге тұрғындарға 1000 медициналық бетперде таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *