Н.ТҰРАШБЕКОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ БІРЛЕСЕ ШЕШУГЕ ШАҚЫРДЫ

Н.ТҰРАШБЕКОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ БІРЛЕСЕ ШЕШУГЕ ШАҚЫРДЫ

5 просмотров

Н.ТҰРАШБЕКОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ БІРЛЕСЕ ШЕШУГЕ ШАҚЫРДЫ
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдерімен жүздесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.
Нұрбол Әбдісаттарұлы кездесу барысында қаладағы әрбір бастаманың қариялардың ақ батасымен ғана оңтайлы жүргізілетінін айтып өтті. Облыс орталығындағы әрбір жаңа жобаларда қоғамның ашық талқылауы мен ақыл-кеңесінің маңызы зор екенін алға тартты.
Жалпы, қазіргі таңда алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Осы мақсатта, толығымен газ құбыры жүргізілген шаһарда экологияны жақсарту үшін газбен қамту жұмыстары жүруде. Бүгінде газбен қамтылған абонент саны 22 мыңнан асқан. Одан өзге, қаланың жасыл желекке айналуы мақсатында әкімдік қызметкерлері мен тазалық қызметкерлері таңертеңгілік уақыттан кесте бойынша суғарылуы бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен олардың жақындарының денсаулығы үшін шаһарда ашылған 16 вакцина егу нүктесі арқылы COVID-19 індетінің таралу деңгейін төмендету мәселесі көтерілді.
«Қаланың тыныштығы мен халықтың бірлігі қажет», — деген ақсақалдар алдағы істерді жұмыла атқаруға дайын екенін, қолдау көрсететінін және ол үшін еріктілердің көмек көрсетуі маңызды екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.