«National Geographic» журналының парақшасында қала мақтанышы бейнеленді

«National Geographic» журналының парақшасында қала мақтанышы бейнеленді

5 просмотров

«National Geographic» журналының парақшасында қала мақтанышы бейнеленді

Әлемге аты әйгілі америкалық «National Geographic» журналының парақшасында Яссауи кесенесінің суреті жарияланды. Алдымен, сурет атақты  «National Geographic» және “NY Times Magazine” журналдарының фотографы — Джордж Штейнмецтің миллионнан астам тіркелушісі бар парақшаға жария болса, кейін аталмыш картина 142 миллион оөырман тіркелген  «National Geographic»-тің беттерінен орын алған. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан саяхатын бастаған фотограф қасиетті Түркістанмен қоса Жамбыл және Маңғыстау өңірлерінен де тамаша суреттер түсіріп, әлем назарына ұсынған.

Түркістанды жаһандық туризмнің орталығы етуге барлық жағдай қарастырылған. Соңғы екі жылдағы өңірдің дамуы мен сәулетінің сәндене түсуі осы мақсатқа апарар сара жолдардың бірі екені айдан анық. Сондықтан, ғылыми конференциялар мен әлемдік жиындарда қала аты аталып, көрмесі қойылуы керек. Ал, бүгінгідей дамыған ғаламтордың арқасында шығынсыз жарнама да көп көмегін ттигіері сөзсіз. Жоғарыда айтылған жазбада бәр ғана тәулік ішінде 300 мың адам лүпіл басып, келуге қызығушылық танытқан пікірлер саны мыңнан асып түскен. Қаламыздың атын айшықтап, беделін үстем ету үшін бұдан асқан жәрдем болар ма?!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *