НАУҚАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

НАУҚАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

52 просмотров

НАУҚАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пашимов Марат Орынбасарұлының бастауымен Шардара ауданында 40 төсек орындық инфекциялық госпиталь және 20 төсек орындық провизорлық госпиталь ашылды. Ауруханадағы барлық науқастарға қажет дәрі дәрмектерімен қатар күнделікті 4 мезгіл тамақ, қажетті ем-дом қарасытырылған. Сондай-ақ, медицина қызметкерлеріне де барлық жағдай жасалған.

Онда күн мен түнге қарамай қызмет атқарып жатқан мамандардың еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Науқастардың жанын табылып, қол астындағыларды бір үйдің баласындай ұйымдастырып, басқарып отырған білікті басшы, бас дәрігеріміз Нусеров Нұржан Ахметұлының еңбегі ерекше. Осындай қиын сәтте өз денсаулығынан және отбасынан науқас  денсаулығын алдыңғы орынға қойып, еңбек етіп келе жатқан медицина қызметкерлері: Бахытова Жанат Бахыткызы, Мусаева Жансұлу Асилханқызы бастаған 20 медқызметкер инфекциялық госпитальда, 20 медицина қызметкері провизорлық госпитальда науқастар үшін аянбай еңбек етуде.

НАУҚАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Ерекше атап өтетін жайт ауданымызға марқұм Мұхан Кеңесбекұлының кезінде алынған заманауи компьютерлік томограф аппараты тұрғындарға  дұрыс диагноз қоюда, емінің нәтижесін тексеруде үздіксіз қызмет атқарып келеді. Ауруханамызда дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі жоқ. Науқастың қосымша ауруына қарай барлық қосымша тексерулер, мамандардың кеңесі дер кезінде ұйымдастырылуда.

Жанат Бақытова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *