«NUR OTAN»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СПОРТ НЫСАНДАРЫ КӨБЕЙЕДІ

«NUR OTAN»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СПОРТ НЫСАНДАРЫ КӨБЕЙЕДІ

11 просмотров


Алдағы 5 жылда Түркістан облысында 4 денешынықтыру-сауықтыру орталығы, 1 мұз айдыны, 10 толыққанды алаң және ипподром құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар өңіріміздегі ескірген спорт нысандары күрделі жөндеуден өтетін болады. Осы және өзге де мәселелер Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы, облыстық сайлауалды штабының мүшесі Қайрат Балабиевтің Жетісай ауданына жасаған жұмыс сапарында әңгімеге арқау болды.
Қайрат Рахымұлы сапары барысында партияластары Н.Әбішев, Т.Қырықбаев, Е.Ералиев, Т.Қаржауов, Б.Исахов, Қ.Ақтөреева және Ш.Қаныбековпен бірге Жетісай ауданының бірқатар шалғайдағы елдімекендерін аралап, тұрғындармен кедесті. Алдымен Жетісай ауданына қарасты Ынтымақ және Талапты ауылдарының тұрғындарымен жүздесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
«Облыс жұртшылығын барынша спортпен шұғылдануға тарту партияның сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарының бірі. 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін 33 пайызға, денешынықтырумен шұғылданатын азаматтарды қамту 42 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ алдағы жылдары машиналық әдіспен Шардара су қоймасынан ағын су алу үшін каналды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асады. Шитті мақта өндірушілерді уақытылы субсидиялау мақсатында басым дақылдарды субсидиялау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қағидасына ұсыныстар енгізуді күн тәртібінде тұр» , – деді Қайрат Рахымұлы.
Жетісай ауданындағы түйінді түйткілдің бірі – ағын су тапшылығы. Осыны ескерген партия ирригациялық ағын су жүйелерін қалпына келтіру және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстарын жылдамдатпақ. Осы бағытта аудандағы 210 тік дренажды ұңғымалар қайта қалпына келтірілетін болады.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары жастарға арналған ойын алаңшаларын көбейту туралы ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ олар табиғи газбен, ауыз сумен және электр жарығымен қамтылмаған елдімекендер бар екенін жеткізді. Аталған мәселелер партияның басты назарында тұрғандығы түсіндірілді.
Мұнан соң сайлауалды штаб мүшелері Жетісай ауданындағы «Береке» ЖШС-нің ұжымымен экспромт кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алда атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін өңіріміздегі 8,1 мың шаруа қожалығына жанар-жағар май алуына, 6,3 мың шаруаға жеңілдетілген минералды тыңайтқыш беруге, 2,8 шаруа қожалығына зиянкестерге қарсы қолданылған биоагенттерді, гербицидтерді алуына, 4,5 мың шаруа қожалықтарын мақта дақылын өндіруге субсидиялауға қолдау жасамақ.
Нақты істерді жоспарлайтын және орындайтын «Nur Otan» партиясына дауыс бер!

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

«NUR OTAN»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СПОРТ НЫСАНДАРЫ КӨБЕЙЕДІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *