ОҚУШЫЛАР БОЙЫНА БІЛІММЕН ҚОСА ТӘРБИЕНІ ДЕ ҚАТАР СІҢІРУ ҚАЖЕТ

ОҚУШЫЛАР БОЙЫНА БІЛІММЕН ҚОСА ТӘРБИЕНІ ДЕ ҚАТАР СІҢІРУ ҚАЖЕТ

26 просмотров

ОҚУШЫЛАР БОЙЫНА БІЛІММЕН ҚОСА ТӘРБИЕНІ ДЕ ҚАТАР СІҢІРУ ҚАЖЕТ

Қазіргі таңда Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөліміне қарасты 31 жалпы білім беретін мектепте 62 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, мектептерге 10 полиция инспекторы және 6 аумақтық инспектор бекітілген. Олар педагогтармен бірлесіп профилактикалық іс шаралар жүргізеді. Атап айтар болсақ, қала мектептерінде прокуратура, қалалық полиция басқармасы өкілдерімен осы жылдың алғашқы 5 айында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» тақырыптарымен түнгі 16 рейдтер жүргізілді. «Мектеп, отбасы және мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығы» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналыстары, «Менің қауіпсіздігім» атты сынып сағаттары, «Ерте отбасын құру: артықшылығы мен зияны» тақырыбында ата-аналар және оқушылармен сұхбаттар, қалалық полиция басқармасы есебінде тұрған балалармен «Мен өз елімнің патриотымын» атты спорттық жарыс, «Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында кітап және фото көрмесі, жасөспірімдерге құқық бұзушылық, есірткі және психотроптық заттарды қолдану және сақтағаны үшін қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат беру мақсатында жоғарғы сыныптарға лекция, «Жас ұрпақты есірткі экспансиясынан қорғау және денсаулық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында байқау және «Түркістан қаласының жастары салауатты өмірді қолдайды» форумы өткізілді. Бұл шаралардың барлығына мектеп оқушылары жүйелі қатысып отырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *