Оқушылардың алаңсыз оқуы үшін...

Оқушылардың алаңсыз оқуы үшін…

17 просмотров

Оқушылардың алаңсыз оқуы үшін...

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім еткендей, биылғы жылы оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына берілетін формалар мен оқу құралдарының орнына оқушыларды техникалық жағынан қамтамасыз ету жоспарланған.

Сонымен қатар, мектептерде тұрған компьютерлер мен ноутбуктар жағдайы келмейтін отбасыларға уақытша таратылмақ. Білім аласында жыл бойы үнемделген қаржы да қорда сақталған. Осындай қиын кезеңде сол қаржыны да оқушылар мүддесіне жұмсау көзделіп отыр.

Жоғарыда айтылған министр Асхат Қанатұлының мәлімдемесін тарқатып айтар болсақ. Мектеп формасын кию қағидаты ешқайда жоғалып кетпейді, тек тиісті жағдайда ғана қарапайым классикалық киім киюге рұқсат беріледі. Бұл дегеніміз карантин кезінде баласына форма алып немесе тіктіріп беруге қаржы жетіспеген отбасыларға көрсетілген көмек. Дегенмен, бұл өзгеріс елдегі жағдайдың бір қалыпқа түсіп, реттелгеніне дейін ғана жалғасатынын ұмытпау керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *