ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

3 просмотров

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

     Түркістан қаласы бойынша 44732 бала 2020-2021 оқу жылын бастады. Онда 1 сыныпқа келген 5185 баланың ішіндегі 4382 бала кезекші сыныптарда оқиды. Бұл оқушылар мектептерде білім алатындықтан оларға байланыс құралының қажеті жоқ. Жалпы 27231 балада техникалық құрылғы мен интернет жүйесі бар. Жүргізілген анықтау жұмыстары барысында қашықтан оқыту бойынша интернет және құрылғысы жоқ 17093 бала анықталды. Ондағы 11758 бала көп балалы отбасы балалары. Ал әлеуметтік осал топтағы балалар 5335 (оның ішінде аз қамтылған отбасында — 4805, жетім балалар — 135, ерекше білім беруді қажеттіліктері бар балалар – 395). Қазіргі таңда мектеп есебіндегі 1400 дана компьютер мен ноутбуктар оқушыларға таратылды. Жергілікті бюджеттен 1113 дана планшет 4 айлық интернет тарифімен оқушыларға пайдалануға берілді. Республикалық бюджет есебінен алынған 1562 дана планшет те 4 айлық интернет тарифімен таратылды. Ал, алдағы уақытта яғни 1-қазанға дейін Республикалық бюджет есебінен «Бір отбасыға – бір компьютерлік техника»принципіндегі алгоритмі негізінде облыстық адами әлеуетті басқармасының 4851 дана компьютерлері және ноутбуктері қаламызға жеткізіліп, олар да  интернет тарифімен таратылатын болады. Осылардың нәтижесінде жалпы саны 8926 бала интернет және құрылғымен қамтылды. Бір отбасында бірнеше бала оқитындығын ескерсек, берілген құрылғылар одан да көп баланың сабақ оқуына құрал болатындығын ұғыну қиын емес.

    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *