Онлайн қабылдауда қозғалған мәселе шешімін табады

Онлайн қабылдауда қозғалған мәселе шешімін табады

2 просмотров

Онлайн қабылдауда қозғалған мәселе шешімін табады

Жаһанды жалмаған дерт әсерінен әлемде күнделікті істердің өзі өзгеше күйге енді. Тіпті, тоқтаусыз тағат таппайтын әуе, темір жол қатынастары да бір сәтте біршама уақытқа тынығып, жұмысын тоқтатқан еді. Бүгінде жжағдай біршама түзеліп, тұрақталғанымен арнайы шараларсыз дерт қайта күшею қауіпі тым жоғары. Сондықтан да, еліміздегі көптеген салалар онлайн режиміне ауысып, тығырықтан шығар оңтайлы жолды табуға тырысып жатыр.

Сондай істің бірі халықтың қордаланған мәселесін шешу үшін қала басшысы ұйымдастырып отырған апта сайынғы онлайн қабылдау шарасы болды. Рашид Аюпов бұл шараны апта сайынғы күнтізбесіне енгізіп, елдің мінін кіршіксіз естіп отыруды жолға қойған. Бүгінге дейін біршама халықтың өтініші тыңдалып, тиісті орындарға шешімін табу тапсырылған. Қала басшысы назарына ілігіп,құлағына жеткен шаруалар ыңғайын таппай аяқталмайды. Осыны сөзіне тиек еткен Рашид Абатұлы орынбасарларына қатаң ескерту жасап, апта сайын есеп берілуін қатаң қадағалайтынын ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *