ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

45 просмотров

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА  АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында бірнеше жылдан бері жаз айларында егістік жерлерге су жеткізу ауыл округінде өзекті мәселесі болып отырған. Осы аталған проблемманы түбегейлі шешу үшін Бадам өзеніне бөгет қойып, ұзындығы 4,2 шақырым жаңа канал қазып, «Қараспан магистралды» каналына су жіберу арқылы 2 664 га жерге су жеткізу мәселесі шешілді.
Нәтижесінде Бейсен, Жаңатұрмыс, Ақжол, Мақташы, Сарыарық, Жұлдыз Ынтымақ, Мәдениет, Семхоз елді мекендеріне егістік жерді сумен қамтамасыз етуі жақсарып, ауыл шаруашылығы өнімі артатын болады.

Қараспан ауыл округіне тоқталар болсақ 905 агроқұрылым жалпы 4 731 гектар суармалы жер көлемін пайдалануда. Оның ішінде «Қараспан магистралды» каналы арқылы жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайтын 17 ішкі каналдармен ауыл шаруашылығындағы 4 258 гектар суармалы жер суарылады. Қалған 473 гектары Қажымұхан ауыл округіне қарасты «Құртай» каналы арқылы және насостар арқылы суғарылады.

Қазіргі таңда аудан бойынша 871 шақырымды құрайтын 85 канал арқылы 33 131 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер игеріледі.
Оның ішінде;
— Республикалық меншікте 153 шақырымды құрайтын 14 канал, суармалы жер көлемі 6 357 га.
— Облыстық меншікте 459,7 шақырымды құрайтын 45 канал, суармалы жер көлемі 19 202 га.
— Ауыл округтерінің меншігінде 109,3 шақырымды құрайтын 17 канал, суармалы жер көлемі 2 488 га.
— Жеке меншікте 149 шақырымды құрайтын 9 канал, суармалы жер көлемі 5 084 га.

Осыған орай, аудан әкімнің тапсырмасымен аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту мақсатында бірқатар каналдарға демеушілер есебінен механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан 380,9 шақырымды құрайтын 43 канал. Оның ішінде механикалық тазалауды қажет ететіні 214,6 шақырым болса, бүгінгі таңға тазаланғаны 97 шақырымды құрап отыр. Қалған 117,6 шақырымы 15 шілдеге дейін толық тазаланып аяқталады. Нәтижесінде 15 699 га жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, шілде айында су жетпейтін
2 228 га жердің су мен қамтамасыз етілуі жақсарады.
Жалпы демеушілер есебінен механикалық тазалау жүргізілетін каналдарға бүгінгі күнге 7 дана техника жұмыс жасауда. Атап айтқанда Қажымұхан ауыл округінде 3 дана техника, Шұбар ауыл округінде 2 дана техника, Бадам ауыл округінде 1 дана техника, Бөржар ауыл округінде 1 дана техника жұмыс жасауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *