Ордабасы ауданының әкімі Елорда күнімен құттықтады

Ордабасы ауданының әкімі Елорда күнімен құттықтады

16 просмотров

Ордабасы ауданының әкімі Елорда күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 6 шілде – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елордамыз – халқымыздың мақтанышы, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған елордамыз Нұрсұлтан қаласы бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті.
Бір кездері қатардағы қалалардың бірі болған елордамыз аз ғана уақыт ішінде миллион тұрғыны бар, экономикалық, саяси және рухани орталыққа, өркениеттің сындарлы пікірталас алаңына, ынтымақтастық пен жаhандық қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын анықтайтын орынға айналды. Ол — әлемдегі ең әсем қалалардың бірі.
Бүгін – елорданың мерекесі әрбір астаналықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде.

Қарыштап дамыған Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ.
Елордамыздың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдыруда.
Қазірдің өзінде көптеген саяси және экономикалық маңызды оқиғалардың орталығына айналып отырған оның ертеңгі болашағының да зор болары күмәнсіз.

Астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз.
Жарқын Елордамыз одан әрі өркендей берсін, біз ол үшін барлық күш жігерімізді жұмсауымыз қажет.

Құрметті ордабасылықтар!
Біздің әсем де көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз болсын Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз.
Баршаңызды осы қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен Ордабасы аудан әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *