ОРДАБАСЫДА КАРАНТИН РЕЖИМІ ҚАДАҒАЛАНУДА

ОРДАБАСЫДА КАРАНТИН РЕЖИМІ ҚАДАҒАЛАНУДА

17 просмотров

ОРДАБАСЫДА КАРАНТИН РЕЖИМІ ҚАДАҒАЛАНУДА

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемді жайлаған короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 5 шілдеден бастап 14 күнге созылған карантиндік шектеу шаралары енгізіледі. Бұл ретте Түркістан облысы Ордабасы ауданында коронавирустың алдын алу мақсатында аудан әкімдігінің жанынан арнайы 4 мобильді топ құрылған.
1-мобильді топ мүшелері ауданға қарасты Қажымұхан және Қараспан ауыл округінде орналасқан сауда нүктелері, азық-түлік дүкені, базар және бөлшек сауда орындарындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуына монторинг жүргізіп, алдағы болатын карантин шектеулері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Коронавирус инфекциясын жұқтырмас үшін қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ бетперде тағып, санитарлық-гигиеналық тазалық, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігін баса ескертті.
Сонымен қатар, қаулыда көрсетілген шектеулерге байланысты жабылатын кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстары жүргізе отырып, қайта ашып жұмыс жасайтын жағдайда айыппұл салынатынын хабардар етіп, ескертіп өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *