ОРЫНСЫЗ ДҮРЛІГУГЕ ЖОЛ ЖОҚ

ОРЫНСЫЗ ДҮРЛІГУГЕ ЖОЛ ЖОҚ

35 просмотров

ОРЫНСЫЗ ДҮРЛІГУГЕ ЖОЛ ЖОҚ

Дегенмен ел Үкіметі қол қусырып қарап отырған жоқ.

    Әлемдегі мұнай өндіруші елдер арасындағы өзара келіспеушіліктер мұнай бағасының төмендеуіне ықпал етіп отыр. Соның әсері еліміздің қаржылық экономикалық ахуалына әсер етуде. Дегенмен ел Үкіметі қол қусырып қарап отырған жоқ. Қазіргі кезде макроэкономикалық тұрақтылық пен салық-бюджет саясатының тиімділігін қамтамасыз ету жолында тиімді шаралар атқарылып жатыр. Сонымен қатар инфляциялық процестерді басқару мен елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін бірқатар шаралар қолға алынды.

    Премьер-Министрдің басшылығымен құрылған арнайы штаб әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға бағытталып отыр.

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, қызметкерлердің санын қысқартпау, еңбекақының уақытылы төленуі мұқият назарға алынбақ.

   Кешегі өткен Үкімет жиынында Ұлттық банк валюта нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті валюталық интервенциялар жүргізетін болады деген мәлімдеме жасалды. Бұл дегеніміз  теңгенің айырбас бағамымен алыпсатарлық операцияларды болдырмау үшін алтын-валюта активтерінің көлемі жеткілікті екенін білдіреді.

Яғни, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық ресурстар жеткілікті деген сөз.

    Қалай десек те халық әліптің артын сабырмен бағып, орынсыз дүрлігуге жол бермегені абзал. Экономиканың өткінші сынағы қазақ елі үшін айтарлықтай ауыртпалық түсірмесіне сенімді болғанымыз жөн.

Нұрлан Мейірқұлов,

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы ұйымдастыру бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі.

okg.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *