ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЕРІКТІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР АНЫҚТАЛДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЕРІКТІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР АНЫҚТАЛДЫ

15 просмотров

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЕРІКТІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК-ның және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бірлесе ұйымдастыруымен Халықаралық экскурсоводтар күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен жарияланған «Еріктілер» жылы аясында «Асыл мұра» бағыты бойынша ауыл округ жастары арасында «Ең үздік волонтер экскурсовод» байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған тарихи сананы жаңғырту мен насихаттау, Отырар алқабының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, көпшілікке насихаттау жұмысын еріктілер жылында жандандыру, Отырар алқабына келуші туристерге ерікті түрде экскурсия жүргізетін жастарға әдістемелік көмектер беру және үздіктерін анықтау және ерікті жастардың музеймен байланысын нығайту, елін, жерін қадірлейтін, мемлекетшіл жастарды қалыптастыру.

Іс-шараны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Жаппарқұлов Пердехан Абайұлы, тарихшы Бекжан Бейсенбай және Отырар қорық-музейінің директоры Көзейбаев Сапар Алиясқарұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқаудың бірінші кезеңі «Менің өлкем…» тақырыбында қатысушылар өздерінің дайындаған бейнеролик, слайд арқылы туған өлкесінің тарихы, тарихи-мәдени құндылықтарын, елге есімі белгілі тұлғаларын және әр ауыл окруктің ерекшеліктерімен таныстырды. Қатысушыларға белгілі бір тарихи-мәдени құндылықтардың фотосы экспромт (жеребе) бойынша көрсетілген «Суреттер сөйлейді» тақырыбы бойынша екінші кезеңі өтіп, онда суретте көрсетілген тарихи-мәдени құндылықтардың тарихын, жасалу технологиясын, пайдаланылуын сипаттап, тарихи-мәдени құндылықтардың туристерге берер мазмұны мен мағынасын аша білуі арқылы бағаланды. Ал, үшінші кезең «Эврика» (Табу). Яғни, арнайы дайындалған үш сұрақтарға жауап берілді.

Байқау нәтижесі бойынша қатысушылар арасынан өзінің сан қырлы жағынан танылған Шәуілдір ауылы округінен Бекарыстанов Досымбек бірінші орынды иеленсе, екінші орынды өзінің білімдігімен, тапқырлығымен көзге түскен және сапалы бейнеролик дайындаған Арыс ауыл округінен Әбдікерім Дінмұхамед алды. Өз өлкесінің тарихы мен құндылығын әсерлі етіп жеткізе білген Балтакөл ауыл округінен Төлешов Сейітқұлға берілсе, ынталандыру сыйлығы Аққұм ауыл округінен Махатаев Абзал иеленді. Тарихи сананы жаңғырту мен насихаттау үшін ат салысқан қатысушылар Жұмадиллаев Болат, Құрышбайұлы Берік, Өтеміс Сүндет, Есібаева Назерке, Қыстаубаева Жанар, Құрмашов Қайнар алғыс хаттармен марапатталды.

Байқауға қатысып, қолдау білдірген азаматтар мен азаматшаларға алғысымыз шексіз! Топырағың түртсең тарихы сөйлейтін Отырар өлкесінің тарихы кеңінен таныстырыла, насихаттала беретініне сеніміміз мол. Биылғы алғаш рет өткізілген байқау жылда жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *