ОТЫРАРЛЫҚТАР АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

ОТЫРАРЛЫҚТАР АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

6 просмотров

ОТЫРАРЛЫҚТАР АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Елдігімізді ұлықтайтын Алғыс айту күнін Отырар  ауданы да атап өтті. Аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов  Отырар халқын  1-наурыз Алғыс айту күнімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

-Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Бұл мереке — тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек. Алғыс айту күні бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамына айналды,-деп аудан басшысы  шынайы тілегін білдірді.

Салтанатты жиында  ауданның әр салаларда еңбек етіп, жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар азаматтарын  өңір басшысы  алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік жиын соңы аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып,  түрлі ұлттар мен ұлыстардың әсем әуендері шырқалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *