ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ-КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ-КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

33 просмотров

ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ-КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Парасатты ұрпақ-келешек кепілі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті. Жиынның мақсаты — Қазақстан Республикасының халқының, білімгерлердің қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының жемқорлыққа қарсы біріктіруші әлеуетін сіңіруге арналған жүйе жасау. Оларды жетілдіру негіздерінің бірі – парасатты студенттердің адал сессия өткізіп, терең білім мен адалдыққа жауапкершілікті мінездерінің біріктіруші бастамасын ашу.


Онлайн-конференцияны Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттінің вице-президенті Әміреқұл Абуов жүргізді. Жиынға Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Тоқышев, ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» комиссиясының төрағасы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, заң ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның Құрметті академигі Есберген Оразұлы Алауханов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Асқарбайұлы Қарғабай, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Асыл Берікұлы Алдаберген, Оңтүстік Қазақстан мемлекет педагогикалық университетнің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы, тарих ғ.к., доцент Гүлнар Жанысбекова, Павлодар облысы Адами әлеуеті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, Филология ғылымдарының докторы, полиция полковнигі, Ауғанстан соғысының ардагері Шапағат Жалмаханов , Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Балғабай Нақыпов қатысты.


Келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Конференция қатысушылары жастарымыздың бойында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселесі және отбасы институтының рөліне ерекше көңіл бөлу мәселелері мен барлық салада құқық бұзушылықтың орын алуының себептеріне талқылап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жолдарына тоқталды. Жиында азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша бағыттарды іске асыру мәселелері де қамтылды.
Жиынды қорытындылаған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттінің «Рухани жаңғыру» департаментінің директоры Л.Динашева оқу орнымыздағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылып жатқан іс шаралармен таныстырып, алдағы уақытта бүгінгі жиында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді назарға алынатындығын жеткізді. Онлайн-конференция Yassawi TV Youtube каналында 2 жарым сағат тікелей эфирде өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *