ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ

ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ БІРЛЕСІП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

31 просмотров

ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ

Бүгін «Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалының ғимаратында «Nur Otan” партиясымен бірлесе Қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңестер жұмысының өзара іс-қимылын үйлестіру бойынша жиын өтті.

ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ


Жиынды Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков жүргізіп отырды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық кеңестер институтын нығайту бойынша қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылының 2019-2020 жылдарға арналған жалпы жоспары бекітілгендігін атап өтті. Партия мен Ассамблея бірге атқаратын жұмыстардың легіне тоқталған ол Қоғамдық келісім кеңестердің отырыстарында бірқатар мәселерді оңтайлы шешу туралы ұсыныстарын жеткізді.

ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ


Түркістан облысы бойынша ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Жеңісбек Мәуленқұлов, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Талғат Нұрдәулет те пікірлерін айтты.
Бүгінде облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің 47 мүшесі бар. Оның құрамында облыстық мәслихат депутаттары, басқарма қызметкерлері, этномәдени бірлестік жетекшілері және зиялы қауым өкілдері қабылданған. Ғани Құрмашұлы алдағы уақытта осы азаматтармен бірлесе аудан-қалаларда ақпараттық-насихаттық жұмыстары жүзеге асатынын мәлімдеді.

Aimak.com.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *