ПІКІРСАЙЫС "АҚЖАЙЫҚ" МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕБІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

ПІКІРСАЙЫС «АҚЖАЙЫҚ» МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕБІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

8 просмотров

ПІКІРСАЙЫС "АҚЖАЙЫҚ" МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕБІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін де партияішілік сайлау — Праймериз пікірсайысының үшінші күні «Ақжайық» музыкалық мектебінде жалғасты. 
Бүгінгі күнгі жария пікірсайыста 20 адам бағдарламаларын таныстырып, көрермендер мен қарсылас үміткерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жалпы, үміткерлер кәсіпорын ашып, жаңа жұмыс орындарын іске қосу арқылы  жұмыссыздықты жою, ғылым мен білім, қала тазалығын қолға алу, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын мәдени өмірге енгізу, ғаламтордың қуатын арттыру, жаңа стартап жобаларға қаржы көзін табу, оқушылар мен мұғалімдерге және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік жеңілдіктер қарастыру, туризм, құрылыс саласына көңіл бөліп, қолжетімді баспанамен қамту бойынша біршама болашаққа бағамдаған ойлары бар.
Модератор да өз кезегінде әр үміткер бағдарламасы аясында сауалдарын қойды. Соның ішінде, барша қоғамға ортақ «Таза қала статусына жету үшін қандай іс шаралар күтеміз?», — деген сауалға, қоқыстарды жіктеп, қайта өңдеп, қолданысқа енгізу бойынша ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, спорт саласы бойынша Түркістан қаласы жастарының футболға деген белсенділігін жоғарылатудың маңыздылығы да айтылды.
Айта кетейік, бүгінгі пікірсайысқа қатысушылар қалалық мәслихатқа үмітті. Ертең де кесте бойынша дебаттар жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *