Праймеризге үміткерлер өз жобаларының іске асарына кепілдік береді

Праймеризге үміткерлер өз жобаларының іске асарына кепілдік береді

1 просмотров

Праймеризге үміткерлер өз жобаларының іске асарына кепілдік береді

«Nur Otan» партиясы ішінде праймеризге үміткерлердің дебаттары күннен күнге қызып келеді. Өтініш білдірген 1144 белсендінің 106-сы ғана пікірсайыс алаңына шығудан бас тартпай, өз жобаларын қорғауға әзірлігін айтқан. Үміткерлердің жетеуі мәжіліске, облыстық мәслихатқа 29, ал қалалық мәслихатқа депутаттыққа 70 азамат өз түйіндемесін тапсырған.

Қатысушылардың өздері ұсынып отырған жобаларынан бөлек, қойылған сауалдарға шешім іздеп, жауауп берулері ел көңілінен шығып жатыр. Сұрақ-жауап кезеңі кезінде түрлі саладан сұрақ қойылды. Атап айтар болсақ, жастардың белсенділігін арттыру, олардың құқық бұзушылыққа бармауы үшін атқарылу тиіс жұмыстар, жұмыссыздыққа жол бермеу сынды өзекті мәселелер көтеріліп, тұшымды жауап естіді көпшілік.   Үміткерлер ұсынған жобаларына да «Нақты қандай қадамдар жасалад?», «Бағдарламаңыздың орындалуына кім кепілдік бола алады?»-деген сынды сұрақтарға да көңіл көншітерлік жауап қайтарылып жатыр.

Праймеризге үміткерлердің пікір сайыстары «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының ресми YouTube каналында, сондай-ақ, әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетіліп отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *