ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ БІРЛІККЕ ШАҚЫРАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ БІРЛІККЕ ШАҚЫРАДЫ

16 просмотров

ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ БІРЛІККЕ ШАҚЫРАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына пандемияға қатысты телевизиялық Үндеуін жариялады.

Үндеуде еліміздегі қазіргі таңда орын алып жатқан пандемия бәсеңдемей отырғанын, ешкімге де оңай болып тұрған жоқтығын, әлемнің кейбір елдерінде бұл індет қайтадан ушығып бара жатқандығын атап өтті. «Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар»-деді өз сөзінде.

Денсаулық сақтау саласының індетке тойтарыс беруге дайын болмағандығын, дегенмен де қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейгендігін жеткізді. Дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары жауапқа тарта бастағандығын айтып өтті. Ел арасында жалған ақпараттарды таратып отырған арандатушылар бар екенін атап өтіп, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығын назарларына салды.

Осы пандемия кезінде өмірден өткен әрбір қазақстандықтар үшін алаңдайтынын айтып өтті. Сол үшін 13 шілде-Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек,бұл сыннан да өтерміз. «Денсаулық-зор байлық» деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік. Әр азаматтың амандығы үшін күресейік! Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін!»-деп өз Үндеуін аяқтады.

Диана Сидорина,
Кентау қалалық славян
этномәдени бірлестігінің мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *