ПРЕЗИДЕНТ ДАҒДЫЛЫ ӘДЕТКЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ДАҒДЫЛЫ ӘДЕТКЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙДЫ

4 просмотров

ПРЕЗИДЕНТ ДАҒДЫЛЫ ӘДЕТКЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙДЫ

Қазіргі таңда індеттің құрығына ілініп, өзінің және халықтың саулығы үшін әр аймақтан дабыл қаққан жандардың жанайқайы Президент назарында. Бұл ретте Мемлекет басшысы да елмен бірге билік басындағы кейбір жауапты тұлғалардың қызметіне деген салғырттығын қатаң сынға алды. Десе де әлі де салқынқандылық танытып отыр. Себебі, қызбалыққа салынып, осындай дүрбелең шақта биліктің негізгі тармақтарындағы шенеуніктерге қырғидай тиіп, орнынан босата бергенмен індет қарқыны бәсеңсімейді. Ол жағы баршамызға мәлім. Бірақ, әлгіндей әрекет жасала қалса, Президенттің халық алдындағы ұпайы арта түсер еді. Бүгінгі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет мүшелерінің кейбірін қызметінен босату туралы шешім қабылдаудан бас тартып,(негізінде ол Президентіміздің өзі айтқандай ел алдында ұпай жинау үшін «ұтымты» қадам еді) оларға әлі де мүмкіндік берді. Ол қандай мүмкіндік дегенде жайлы орнында табжылмай отырып, «саунада» ұсталып қалмауды ойластыру емес,мына қалың елді індеттің шырмауынан құтқару. Ебін тауып, мемлекеттің қолдауын шалғайдағы бір жұтым ауаға зар болған науқастарға жеткізу. Осылайша мемлекет басына түскен ауыртпалықты шешуде елеулі еңбек ету.
Сонымен бірге, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында «Мемлекеттік органдардың барлық шешімі халыққа және ұлттық экономикаға арналуға тиіс.
Орындаушылардың қателіктері, қағазбастылық пен бюрократизмге жол беруі қарапайым адамдардың әл-ауқаты мен денсаулығына зиян келтіреді.
Кез келген дағдарыс – әрбір басшының кәсіби біліктілігін анықтайтын сынақ. Осыны есте сақтаңыздар», — деді. Осы мәселені жете түсіну керек. Сөз соңында қоса айтарым, меніңше Президенттің әрбір ескертпелерін атақ-мансабына қарамастан тәуелсіз еліміздегі кез-келген жаны жомарт азамат «менің де ел алдындағы борышым», деп есептесе екен деймін.

Мәлік ДӘУЛЕТОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *