Президент халқына сақтық шараларын қолданып, босаңсымауды жүктеді

Президент халқына сақтық шараларын қолданып, босаңсымауды жүктеді

6 просмотров

Президент халқына сақтық шараларын қолданып, босаңсымауды жүктеді

Бүгін ҚР-ның Президенті Қ.КТоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Президентіміз қазіргі күрделі жағдайдағы басты міндет-азаматтардың денсаулығын сақтап қалу екенін баса айтты. Халыққа берілген әлеуметтік көмек пен індетпен күрес жолындағы жасалған жұмыстарға тоқталды. ДДҰ-ның болжамы бойынша індетті толық жеңу үшін кемінде 2 жылдай уақыт керек екен. Сондықтан Президент халқына сақтық шараларын қолданып, босаңсымауды, Үкіметке пандемиямен күрес жөнінде кезекті бағдарламалар әзірлеуді тапсырды. Қиындықты міндетті түрде еңсеріп, жаңа әлемде Қазақстан өзіне лайықты орын алуы тиіс деді. Стратегиялық жоспарлау мен реформалау агенттігінің құрылуы, медицинаның дамуына және қоғамдық кеңестер ұйымының құрамына түрлі әлеуметтік топтардан адамдарды тартуды міндеттеді. Қорытындылай келе, алдағы уақытта халыққа ауызбіршілік, еңбекқорлық ,жаңаша ойлау, тың тәсіл, ынтымақ керектігін, өзімізді дамытуға күш салу керектігін ұғындық. Сонда ғана еліміз барлық қиындықты еңсеріп, әлемдік аренада биіктен көрінеді.

Салтанат Абиханова

Ж.Еділаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *