Президент осы қадамы арқылы халықпен бірге екенін білдірді

Президент осы қадамы арқылы халықпен бірге екенін білдірді

20 просмотров

Президент осы қадамы арқылы халықпен бірге екенін білдірді

Былтыр басталған коронавирус індеті дүние жүзін дүрліктіріп, әлемді әбігерге салуда. Күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы індетке байланысты халыққа арнаған телевизиялық үндеуін жариялады. Бұл үндеуді дер кезінде жарияланған үндеу десек қателеспейміз. Себебі, қазіргі таңда халықтың көңілі ала-құла. Жақындарынан айырылған көпшілікке үміт отын сыйлаған үндеуден халқымыз күш-жігер алып отырғаны сөзсіз.
Індеттің екінші толқыны басталып, күннен-күнге қаупі күшейіп келеді. Таралу жылдамдығы еселеп артқандай. Сондықтан Президент тарапынан соңғы қабылданған қатаң карантиндік шаралар елге тек пайда әкелері хақ.
Мемлекетіміз қауіпті індетті тізгіндеуде көптеген жұмыс атқарып жатыр. Алайда, ел ішінде қамсыз, бей-берекет жүргендер жеткілікті. Санитарлық нормаларды сақтамай, той тойлап жүргендер де көп. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде бәрімізді тәртіпке бағынып, індетті бірге жеңуге шақырған Мемлекет басшысын қолдаймын.
Осы үндеуде Мемлекет басшысының жұқпалы аурудан қайтыс болған қазақстандықтар үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны көпшілік құптайтын шара екені дау тудырмайды. Ел Президенті осы қадамы арқылы халқымен бірге екенін білдірді.

Рыскелді Әліш,
Отырар ауданы әкімінің орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *