Президент жолдауы - дамуымыздың жаңа бағыты

Президент жолдауы — дамуымыздың жаңа бағыты

4 просмотров

Президент жолдауы - дамуымыздың жаңа бағыты

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымдағы 6-шы сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж.Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялау барысында бүкіл әлемді жаулаған пандемияға қарсы күресте жанқиярлықпен ерлік үлгілерін көрсеткен дәрігерлерге, құқық қорғау қызметкерлері мен волонтерлерге алғыс айта келіп, ештеңені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпаратты ашық жариялағанымызды, Үкіметіміздің жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел дұрыс жолға қоя білгендігін атап көрсетумен қатар 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы – балдық шкала енгізуді тапсырды. Жолдауда Президент еліміздің дамуындағы жаңа бағыттарды анықтап беріп отыр:- стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрып, оның жұмысын ұйымдастыру;- мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін 25 пайызға қысқартуды келесі жылы жүзеге асыру, министрліктердегі жауапты хатшылардың санын қысқарту, шешім қабылдаудың жылдамдығын арттыру, елімізде болып жатқан реформаларға тың серпін беру, соның арқасында Қазақстанның жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуына жағдай жасау;- 2023 жылға дейін еліміздегі әлеуметтік төлемдерді индексациялауға 1 трлн теңге бөлу; — жердің шетелдіктерге сатылмайтындығын қамтамасыз ете отырып, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 5 жылдық жобасын әзірлеу, ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеу және сол арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы қордаланған мәселелерді шешу;- бизнеске кедергі келтіруді өте ауыр қылмыс ретінде қарау қажет, шағын және орта бизнес үшін айналымдағы қаржыны толықтыру бойынша арнай бағдарламаны 2021 жылға дейін ұзарту;- 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» жобасын іске қосу;- 2021 жылы Біріңғай зейнетақы жинақтау қорының 700000 салымшысы жинақтарына баспана сатып алуға мүмкіндік беру;- жаңадан әлеуметтік кодекс әзірлеу;- барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды Қазақстанда өндіруге қол жеткізу, отан фармацевтиканы жандандыру, еліміздің медициналық инфрақұрылымын дамыту, жыл соңына дейін 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын салу, барлық елдімекендерде фельдшерлік-акушерлік пунктілер ашу;- үздіксіз білім беру тұжырымдамасын және білім саласында толыққанды оқу үдерісі үшін барлық функциялары бар біріңғай онлайн білім платформасын әзірлеу, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға арттыру, диплом таратумен айналысатын оқу орындарын жабу мәселесін шешу, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізуге 1 мың грант бөлу, ғылым саласын дамытуда тың тәсілдерді жүзеге асыру; — қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыста полицияның учаскелік инспекторының мәртебесін көтеру;- мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашатын қоғамдық бақылау туралы заң қабылдау, қоғамдық кеңестің рөлін арттыру мақсатында квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру.Президентіміздің Жолдауында анықтап көрсетілген жаңа бағыттардың жүзеге асуына мүмкіндіктеріміз жетеді және олардың орындалатындығына сеніміміз зор.Бақытжан Бейсембаев«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *