ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ХАЛЫҚ ҚОЛДАУЫНДА

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ХАЛЫҚ ҚОЛДАУЫНДА

40 просмотров

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ХАЛЫҚ ҚОЛДАУЫНДА

Президентіміз Қ. Тоқаев қазақ халқына «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» деген тақырыпта Жолдауын жасады. Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталды. — Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды,- деп сөзін бастаған мемлекет басшысы індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асқанын және өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу арқылы, тосыннан келген кеселге қарсы тұра алатынымызды айтты. «Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. Уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азаматымыз 42 мың 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Бұған 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес елдерде, тіпті, басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ. Миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді» — деді Президент. Еліміздегі қазіргі жағдай бұрынғы кезеңге қарағанда әлдеқайда жақсарып келеді. Алайда, ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Қ.Тоқаев осыған байланысты:- Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек. Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделуге тиіс. Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Ммлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде,- деді. Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде жылға дейін уақыт қажет. Дей тұрғанмен, болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс. Жолдауда елді қуантқан тағы бір жәйт келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жоюы. Осыған орай ел Президенті жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді. Мұндай қуанышты жаңалықтар еңсесі түскен елдің көңілін бір серпілтіп тастайтыны анық. Сөзін түйіндей келе Қ.Тоқаев: «Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет. Біздің стратегиялық бағытымыз – айқын. Түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді жақсы білеміз. Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған. Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған да дайынбыз. Еліміз әрқашан аман болсын! — деп сөзін аяқтады. Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауын назар салып тыңдап та зер салып оқып та шықтым. Әр саланың дамуына серпін берер бағдарламаларынан бастап халық сенімін оятар жігерлі сөздеріне дейін. Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің дамуына сүбелі үлес қосарына сенімдімін.

Бақытжан БУКЕБАЕВ,

Түркістан қаласы әкімдігі «Ішкі саясат» бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *