
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы ережесіне» сәйкес2020-2021 оқу жылына профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос орындарына халықаралық конкурс жариялайды.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткер Университеттің ресми сайтында орналастырылған талаптарға сәйкес құжаттарды сканерден өткізілген нұсқада электрондық поштаға (kuandyk_8112@mail.ru) тапсыруы қажет.
Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2020 жылдың 31 шілдесі, сағат 18-00 дейін.
Төменде аталған құжаттар тізбесі Университеттің ресми www.ayu.edu.kz сайтында орналастырылады:
1. Бос орындардың тізімі;
2. Профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасу ережесі;
3. Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі.
Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29, ректорат ғимараты, №105 бөлме, байланыс тел.: 8 72533 6-16-36.
Персоналды басқару және құжат айналымын қамтамасыз ету басқармасы.