Р.Аюпов «Отырар» мөлтек аудандағы көпқабатты үйлердің жағдайын бақылады

Р.Аюпов «Отырар» мөлтек аудандағы көпқабатты үйлердің жағдайын бақылады

4 просмотров

Р.Аюпов «Отырар» мөлтек аудандағы көпқабатты үйлердің жағдайын бақылады

Рашид Абатұлы бүгінгі таңғы уақытта қаланы аралау барысында «Отырар» мөлтек аудандағы көпқабатты үй жағдайын бақылады. 38 үй орналасқан аумақтағы аулада ойын алаңшалары, орындықтар істен шығып, сымдары үзіліп, ескірген. Қала тұрғындарының сергіп, демалатын орнында барлық қолайсыздықтар қолға алынып, ауыстырылуын қала әкімі жауапты маманға тапсырды.

«Шавгар» тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету үшін «Азия сервис — AS» ЖШС қызмет жасауда. Екі кезеңмен жасалатын жұмыстардың қазірде I кезеңі атқарылып жатыр. Қала басшысы аталған жұмыстардың қарқынын жиілетіп, маусымда басталған жұмыстарды уақытында аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, кәріз жүйесі жүргізілмеген аумақты аралап, мердігер мекемеге сапасына көңіл бөле, жұмыс атқаруын ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *