Р.Аюпов полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыруды тапсырды

Р.Аюпов полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыруды тапсырды

10 просмотров

Р.Аюпов полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыруды тапсырды

Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығыБауыржан Селтанов Түркістан қаласы полиция басқармасының 2020 жылдың 8 айында атқарғанжұмыстары туралы өткен апталық мәжілісте баяндаған болатын. Жалпы есеп беру кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың денгейі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 918-ден 683-ке немесе 25,6 пайызға, оның ішінде криминалдық полицияға қарасты бағыттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың да деңгейі өткен жылдың 8 айында 843 фактісінен биылғы 620-ға немесе 26,4 пайызға төмендеген.Қала көлемінде орын алған барлық ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы саны былтырғы 153 фактіден биылғы 210 фактіге өсіп, олардың ашылу деңгейі өткен жылдың 8 айындағы 84,9 пайызды құраса биыл 71,8 пайыз, оның ішінде ауыр қылмыстардың ашылуы 71,7 пайыз ал, аса ауыр қылмыстардың ашылымы 75 пайызды құрап отыр.Баяндамада сөз етілген көрсеткіштер бойынша Рашид Абатұлы сын айтып, жергілікті полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылуы тиіс профилактикалық іс-шараларға аса көңіл бөлу маңызын алға тартты. Қарапайым халыққа зиян келтіріп жүрген қылмыскерлерді дер кезінде тоқтату үшін полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыруды, қажетті қосымша шаралар жасалуы қажеттілігін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *